
2024 жылғы 29 қараша Шахтинск қаласының кәсіптік құзіреттілік орталығында қаланың кәсіптік бағдар беру педагогтары мен ата-аналар қауымдастығының өкілдеріне «Шахтинск қаласының кәсіптік бағдар берушілер қауымдастығын құру арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру» атты қалалық семинар өтті. Семинарда қаладағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жай-күйі және осы саланың даму перспективалары туралы ақпарат берілді. Семинарға Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып ата-аналары қатысты. Шара соңында ата-аналарға арналған екінші ғимараттың кеңселерінің айналасында таныстыру экскурсиясы өткізілді. Семинар белсенді, пайдалы және өте нәтижелі өтті.