
13 қарашада кәсіби құзіреттілік орталығында «PR күні» өтті. «Педагогикалық сынып» жобасына қатысушы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің, «Болашақ» академиясы, «Болашақ» Қарағанды жоғары колледжі және Кемерово мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті. Балалар педагогикалық бағыттағы оқу орындарына түсу үшін өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестер мен жауаптар алды.