back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
09-11-2023 14:38
“Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 2023 жылғы 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру.
Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференциялары, онлайн-семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, мектептердегі сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізіледі.
Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжеттер көрсету жоспарлануда, зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылды.
Бұл науқанға ата-аналар, балалар, жастар, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға алдын-алу және қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
Новости