
Спорт апталығын өткізу аясында аптаның бірінші күнінде "Спортты таңдау, денсаулықты таңдау" дене шынықтыру апталығының ашылуына арналған сынып сағаттары өткізілді. 1-2 сынып оқушыларының арасында "Спорт білгірлері", "Спорт әлемі"интерактивті ойындары өткізілді. Бұл іс-шараларда балаларға презентация түріндегі интерактивті жарыс ойындары ұсынылды, онда балалар спорт түрлері туралы білімдерін жинақтап, спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын қалыптастыруға, командада жұмыс істей білуге, талқылауға, жолдастарының пікірін тыңдауға уағдаласуға ықпал етті.