Мұғалімдер күніне арналған сынып сағаты
02.10.2023 жылы мектептің өзін-өзі басқаруының білім және мәдениет фракциясының көмегімен Мұғалімдер күніне арналған сынып сағаты өтті. Балалар ұстаздық мамандықтың қайдан шыққанын еске түсіріп, ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керектігі жайында әңгіме өрбітті. Содан кейін мұғалім болудың жақсы және жаман жақтарын талқылады. Шара соңында оқушылар ұстаздарына құттықтау хаттарын жазды.