back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
студенттердің білім министрімен кездесуі
09-12-2022 12:11
студенттердің білім министрімен кездесуі

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңіріндегі балалар өкілдерімен кездесу өткізді. Аталған іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 11"А" сынып оқушысы Марат Гүлдана қатысты.
Асхат Аймағамбетов алдымен көшбасшы оқушылардан амандық сұрасып, кейін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Министр мемлекет дарынды балаларға ғана емес, сонымен бірге аз қамтылған отбасы балаларына да қолдау көрсетіп жатқанына тоқталды. Жақында дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін әлеуметтік осал топтағы балаларға гранттар бөлу туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Балалар жылында алғаш рет беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарына конкурсқа қатыспай грантқа оқуға түсуге мүмкіндік алды.

Новости