3 қарашасында RoboLand халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің алдындағы дәстүрлі қарағандылық кездесулер өткізілді.
Іс-шара аясында 5 пікірталас алаңының жұмысы ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи білім беру робототехникасын, STEM-білім беруді, инновациялық технологияларды дамыту перспективаларын талқылады.
Мұнда өлеңдер оқитын, домбырада ойнайтын, арнайы лабиринттерден өтетін, математикалық есептерді шешетін Роботтар, сондай-ақ гидропоника қондырғылары, экологиялық жобалар, интерактивті ойындар және тағы басқалар ұсынылды.
Диалог алаңы барысында Греция, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей командаларының өкілдері, сондай-ақ БАҚ және коммерциялық құрылымдардың қонақтары сөз сөйледі.
Аталған іс –шараға "№1 мектеп –гимназиясының" педагог-ұйымдастырушысы Быков Дмитрий Сергеевич қатысты. Ол көрмеде балаларға емле ережелерін, көбейту кестесін поэтикалық түрде үйрететін "Skreen" роботын ұсынды.