back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1. Лауазым: МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕД
22-08-2022 18:50
1.	Лауазым: МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕД

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№1Мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі  азаматтық қызметкерлер лауазымдарының уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

1.       Лауазым: МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕД- 1 бірлік

Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің  «№1 мектеп -  гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі бағыты:үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалармен (жеке, топтық және кіші топтық сабақтар) сабақтар өткізеді.

Орналасқан орны(мекен-жайы): 101600,Қарағанды облысы, Шахтинск  қаласы,  Парковая  көшесі, 23/1 құрылыс, телефон 8(72156)39335, E-mail: shahtinsk_gimn1@krg.gov.kz.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Буын

Саты

 Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы(теңге)

бастап

дейін

В 2

4

126 976

146 487

В 2

3

135 028

159 803

В 2

2

135 957

161 043

В 2

1

144 628

167 546

Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;  педагогикалық жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі, еңбек өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

     Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;  

   даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;    

 білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

 басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

      басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

       тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

      жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

      өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

      әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

      арнайы педагогика;

      оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

      арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Конкурсты өткізу мекен жайы: 101600,Қарағанды облысы, Шахтинск  қаласы,  Парковая  көшесі, 23/1 құрылыс,Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің  «№1 мектеп -  гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 8(72156)39335, E-mail: shahtinsk_gimn1@krg.gov.kz.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін  жүзеге асырылады.

Құжаттарды  қабылдау басталған күн, уақыты: 23.08.2022ж.,09.00 сағ.

Құжаттарды қабылдау аяқталған  күн, уақыты: 01.09.2022ж., 17.00 сағ.

Новости