back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Аттестаттау
23-02-2026 12:45
Аттестаттау

«Педагогтердің білімін бағалау (ПББ) кезінде тестілеу талаптарын сақтау және аттестаттау рәсіміндегі жауапкершілік»

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ-де педагог қызметкерлер арасында педагогтердің білімін бағалау (ПББ) және педагогтерді аттестаттау рәсімдеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:

Педагогтерді ПББ өткізу тәртібімен, тестілеу кезінде белгіленген талаптар мен тыйым салынған әрекеттер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ аттестаттау рәсімінде белгіленген талаптарды сақтау қажеттілігін түсіндіру.

Түсіндіру жұмыстары барысында ПББ өткізу кезінде тестілеу ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды.

Педагогтерге тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды алып кіруге және тестілеу тәртібін бұзуға жол берілмейтіні түсіндірілді.

Сонымен қатар "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы педагогтерді аттестаттау және оларға біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды.

Қорытынды

Кездесу барысында педагогтерге ПББ кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтау, тестілеу тәртібін бұзбау және аттестаттау рәсіміне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді.

Педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Іс-шараның нәтижесінде:педагогтердің ПББ өткізу тәртібі және аттестаттау рәсіміндегі белгіленген талаптар туралы ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Новости