back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Асыл домбыра – асыл мұра»
19-03-2025 17:40
«Асыл домбыра – асыл мұра»
Наурыз мерекесі қарсаңында қаламыздағы «Бастау» оқу-әдістемелік 
орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен айтыс өнеріне талабы бар оқушылар арасында «Асыл домбыра» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: қазақтың айтыс өнерін насихаттау және жас ұрпақтың  шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы додаға мектеп-лицейіміздің оқушылары:  Улгасбай Нұрислам мен Бақытбек Кәусар қатысып, қыз бен жігіт айтысының үздік үлгісін көрсетті. Сараның сіңлісі мен Біржан салдың сара жолын жалғастырған қос өнерпазға барша қауым риза болып, баталарын берді. Жас та болса өнерімен көзге түскен жас өнерпаздардың айтыс өнеріндегі алғашқы қадамы құтты болсын, тек жыр додасының биігінен көріне берсін!
Новости