«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» психологиялық тренингі
Мектеп психологтары жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты тренинг жүргізді.
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.
@shahtinsk_obrazovanie
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» психологиялық тренингі