“Шаңырақ” күніне орай, Қарағандыдағы “Достық” үйінде “Сарқылмас бұлақ” атты облыстық отбасылық ансамбльдер фестивалі өтті.
Шараға облыстың қала, аудандарынан үлгілі отбасылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Отбасылық дәстүрлер мен шығармашылықты сақтап және насихаттап, Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған “Сарқылмас бұлақ” атты отбасылық ансамбльдердің облыстық фестиваліне белсенді қатысқаны үшін “ Шіркін - ай” Садуовтар отбасылық ансамблі диплом мен 100 000 тг сертификатқа ие болды.
Өнерлі отбасына шығармашылық табыс тілейміз!
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
“Достық” үйінде “Сарқылмас бұлақ” атты облыстық отбасылық ансамбльдер фестивалі өтті