Мектепшілік ата-аналар жиналысында мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға болмайтыны туралы мәліметпен мектеп-лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Нығыман Мейіржан Аққошаұлы сөйледі.
Бұл туралы Парламент Сенаты тиісті заңды мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Оған сәйкес оқушылар мектепте арнайы ұяшықтар болса, сабақ кезінде телефонын сол жерге қалдыруы тиіс. Егер ондай жағдай жасалмаса, байланыс құралын сөмкесіне салады. Үзіліс кезінде телефонды қолдануға шектеу жоқ.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның толық нұсқасы 28 наурыз БАҚ беттерінде жарияланады.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
Ұялы телефонға мектепте тиым салынады