Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметкерлер лауазымдарының уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
1.Мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі - 1 бірлік
Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты:: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асыру.
Орналасқан орны(мекен-жайы): 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, 52А құрылыс, телефон факс 8(72156) 70776, E-mail: shahtinsk_shlic@krg.gov.kz.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысыМектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі)
Буын |
Саты |
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы(теңге) |
|
бастап |
дейін |
||
В3 |
4 |
108394 |
129763 |
В3 |
3 |
135205 |
159273 |
В3 |
2 |
119233 |
139973 |
В3 |
1 |
127905 |
147106 |
Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар (мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі):
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
Лауазымдық міндеттері (мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі):
білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі);
заттық-дамытушылық ортаны құрады;
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Білуге міндетті (мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі):
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Көрсетін қызметі алушыны көрсетін қызметі берушісінің Кеңесіне емес Мемлекеттік корпорацияға порталға мынандай құжатты бересі емес:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
Электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрлар есепке алу бойынша жеке іс парағы мен фото 3х4;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
6) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
7) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық Жоспары;
8) түйіндеме;
9) Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.
Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6), 7), 8) және 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы тармақтың талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.
Конкурсты өткізу мекен жайы: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, 52А құрылыс,Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон факс 8(72156) 70776, E-mail: shahtinsk_shlic@krg.gov.kz.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 16.00-ға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау басталған күн, уақыты: 11.09.2023 ж., 09.00 сағ.
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн, уақыты: 20.09.2023 ж., 16.00сағ.