1-сыныпқа қабылдау бойынша ережелермен таныстырылды
Наурыз айында болашақта мектеп табалдырығын аттайтын 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Мақсаты: ата-аналарға EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталымен жұмыс жасау бағыттарымен таныстыру.
Құжат қабылдау EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан көп ата-аналар құжат тапсыруда қиналады. Осы мәселелерді шешу барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Аккулова 1-сыныпқа қабылдау бойынша ережелермен таныстыра отырып түсіндірме жұмыстар жүргізді. Керекті құжаттар тізіміне жеке-жеке тоқталып өтті. Бұл жұмыс әр жыл сайын жалғасын тауып келеді..