back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Жаратылыстану» пәні бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында «Зертте» айдарында тақырыптарға сай зерттеушілік, тәжірибелік жұмыстар, тапсырмалар өткізілді
23-02-2023 20:34
«Жаратылыстану» пәні бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында «Зертте» айдарында  тақырыптарға сай зерттеушілік, тәжірибелік жұмыстар, тапсырмалар өткізілді

«Жаратылыстану» пәні арқылы орта буын оқушыларының дамуына ықпал етеді, әлем жайлы ой-өрісін кеңейтеді, ғылымды түсінуін және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастырады. «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасына ғасырлар бойы адамзатты толғандырған тақырыптар енгізілді.Қытай философы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» дегендей оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, іс-әрекетке белсенді қатысады. Осыған орай, оқулықтардағы тапсырмалар да түрлі айдарлар арқылы ұсынылған. Оқулықтағы «Зертте» айдарындағы тапсырмалар, сұрақтар, тәжірибелік жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылардың бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға, жаратылыстану пәніне деген қызығушылықтарының артуына ықпал етеді. Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 5-6 сынып оқушылары өткен тақырыптарына сай зерттеушілік, тәжірибелік жұмыстарды қызығушылықпен жасайды, оқушыларымызға ұнайды.

@shahtinsk_obrazovanie

 

 

Новости