Физика сабағында ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану
Физика сабағында ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашывлық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу қажет. Олар:
- компьютерлік техника;
- интернет;
- компьютерлік желі;
- электрондық және телекоммуникациялар құралдары;
Электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс — әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай — ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық, педагогикалық, бағдарламалық — техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Оқушылар физика сабағында зертханалық жұмыстарды арнайы құралдар көмегімен жасап қана қоймай, виртуалды зертханалық жұмыстарды да орындайды. Оқушылардың интербелсенді тақтада зертханалық жұмыстың виртуалды түрін орындағаны қызығушылықтарын оятады. Виртуалды жұмыстар арқылы оқушылар құралдардың шартты белгілерін жылдам жаттайды, жалғау түрлерін ажыратады, тұжырымдардың дұрыстығына көз жеткізеді.