Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатынды Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде "Қызықты математика" атты жобасы ұйымдастырылып, жүйелі түрде жұмыс атқаруда. Осы жоба аясында әр апта сайын қосымшалар өткізіледі, күнделікті what's up желісі арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға арналған тапсырмалар талқыланады. Жобада оқушылардың математиканы меңгеруіне, білімдерін жетілдіруіне, қызығушылығын арттыруына және функционалдық сауаттылықтарын дамытуына тапсырмалар беріледі. Математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде қолдана алуға дағдыландырады. Жобаға 5 және 9-сынып оқушылары қатысады.
"Қызықты математика" жобасы