"Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта құру"
Бүгін Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Ж,Аккулова мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта құру" тақырыбында мектеп ұстаздарына семинар-тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамсыз ету.
Мектептің психологтары Сейтбанова Ж. М., Жұмағұл Д.С. жүйке жүйенің реттеуші және үйлестіруші рольдерін жетілдіру мақсатында әріптестерімен Кинесиологиялық жаттығулардың бірнеше түрімен бөлісті. Жаттығулар ойлау қызметін жақсартады, ми сыңарларының жұмысын синхрондайды, есте сақтауға ықпал етеді, зейіннің тұрақтылығын арттырады, сөйлеу функциясын қалпына келтіруге көмектеседі, оқу және жазу процестерін жеңілдетеді.
Педагог-логопед Рахимбекова С.А. артикуляциялық жаттығуларымен таныстырды. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін және тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.
Педагог-дефектолог Ахмағанбетқызы Ж. балалардың логикалық ойлау үрдістерін, көру жадын, есте сақтауын, зейінін, сабаққа ынтасын арттыру үшін және тағы басқа көптеген әдіс тәсілдермен бөлісті. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту, сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі. Семинар жоғары дәрежеде өтті. Ұстаздар өздеріне қажетті, пайдалы мәліметті алды.