back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Қош келдің, Ана тілі!»
25-01-2023 00:56
«Қош келдің, Ана тілі!»
Тақырыбы:«Қош келдің, Ана тілі!» 
 
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру,  өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
 
       Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің темір қазығы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.
       25.01.2023 жылы мектебіміздің мектепке табалдырығын аттағанына көп болмаған, 1-сынып оқушыларымен аз ғана уақыт аралығында алған білімдерін ата-аналармен бөлісу мақсатында «Қош келдің,  Ана тілі!»  атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына сынып оқушыларының ата-аналары мен мектебіміздің ұстаздары қатысты. Тәрбие сағаты барысында қызықты тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар алдыңғы алған білімдерін толық көрсете алды. Ата-аналарда өз тілектерін айтып, үлкен ризашылықтарын білдірді. Кішкентай бүлдіршіндерімізге мектебіміздің білімді оқушылары қатарынан болуына тілектеспіз!
Новости