back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Қызықты математика»
23-12-2022 23:56
«Қызықты математика»
Жоғарғы сынып білім алушыларының математикалық сауаттылығын арттыру бағытында және орта буын оқушыларының шапшаңдығын, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 9-сыныптарда «Қызықты математика», ал 4-5-сыныптар арасында «Көбейту, бөлу» жобасы орындалуда. Жобалардың негізгі мақсаты -  оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Жоба жұмысы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, түрлі мәтінді есептерді шешудің тиімді әдістерін қолданып шығаруға машықтандырады. Сонымен бірге, жоба  оқушылардың ҰБТ-ге дайындалуда көп көмек көрсетеді, себебі, мұнда кейбір күрделі есептерді бір жолмен тез арада шығаруға болатын формулалар қарастырылады. 
Жоба барысында 9-сыныптарда апта сайын қосымша сабақ ұйымдастырылып, көптеген тақырыптар қарастырылады, әрі күнде what’s upp желісі арқылы тапсырмалар беріліп, оқушылармен кері байланыс жүргізіледі.  4-5-сыныптардан ай сайын көбейту кестесі алынып отырады. Үздіксіз көбейту кестесін алып, шығарып отыру балаларда жылдам шығару дағдысын қалыптастырады, жаңа ұғымдарды қабылдауға жол ашады.
Новости