Оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру,
ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық
олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында,
мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 28 қазанда мектепішілік пәндік
олимпиада өткізілді.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) информатика;
8) химия;
9) биология;
10) география;
11) құқық негіздері
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық пәндер
бойынша 9-11 сыныптардан 130 оқушы қатыстырылып отыр.
Олимпиада қорытындысы бойынша, әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп,
қалалық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және
алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
@shahtinsk_obrazovanie
Оқушылардың мектепішілік пәндік олимпиадасы