«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Білім кітапта» сайысы өткізіліп тұрады. Бұл үрдіс биылғы оқу жылында да өз жалғасын тапты.
3-сынып оқушылары арасында Ыбырай Алтынсариннің «Қырық мысал» жинағынан шағын қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайыс қорытындысы бойынша:
1-орын 3 Г сыныбы
2-орын 3А сыныбы
3-орын 3 В сыныбы иеленді.
@shahtinsk_obrazovanie
Оқуға құштар мектеп