back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
АЛТЫН КҮЗ
16-10-2022 22:19
АЛТЫН КҮЗ

Ағымдағы айдың он үшінші жұлдызында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сыныптары арасында «Алтын күз» атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды мектептегі тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан қиялдап, ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Ешқандай жұмыс қайталанбады. Бірнеше бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы басқаларына ұқсамады.Балалардың ата-аналарының мектеп өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шығармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені 3Г, 1Г сыныптары
1- орын 3А , 1В сыныптары
2- орын 2В, 4Б сыныптары
3- орын 2Б, 4А сыныптары иеленді.
Сонымен қатар, 5-7, 8-10 сыныптар арасында “Күз ханшайымы мен ханзадасы” атты сайысы болып өтті.
Мақсаты:
• оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:
• 1 кезең. "Сәлем -сөздің анасы"
• 2 кезең. «Өнерің өрге жүзсін»
• 3 кезең. "Сұлулық сыры" (сән үлгісін көрсету)
Марапаттау. Жоғары ұпай жинаған топ мадақтамамен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар арасында жеңімпаз болған:
❇️Бас жүлде 5”В” сыныбы
❇️1 -орын 5”Г” сыныбы
❇️2- орын 5”Д” сыныбы
❇️3- орын 5”А” сыныбы иеленді.

8-10 сыныптар арасында төмендегі сыныптар орынға ие болды:
❇️Бас жүлде 9”А” сыныбы
❇️1 -орын 10 сынып
❇️2- орын 9”В” сыныбы
❇️3- орын 8”Г” сыныбы иеленді.
Шын жүректен құттықтаймыз!

@shahtinsk_obrazovanie

Новости