Қазақ халқы – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды.
Осыған орай, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде қыркүйек айының 29 күні «Қарттар күні» мерекесін 2 «Г» және 6 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс шараға ғұмырларының ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнаған зейнеткер ұстаздарымыз Алтынгүл Мектепбаевна, Рысбала Жарқынбековна, Аман Батырхановна, Айтаңсық Жабатаевналар арнайы шақырылды. Оқушылар жырдан шашу шашты, ән салып, би биледі, өнерлерін көрсетті. Зейнеткер ұстаздар ризашылығын білдіріп, оқушыларға ақ батасын берді.
Қарттарымызды ардақтап өтейік!
Қарттарым - асыл қазынам