Балалардың мектепте болған кезінде ыстық тамақпен тамақтануы, олардың денсаулығын сақтаудың және тиімді оқу қабілетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Мектепте тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ білім алушылардың тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 28 қыркүйекте “Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп- лицейі” КММ-де қамқоршылық кеңесінің мүшесі Серикбаева Меруерт, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Нургуль, әлеуметтік педагог Нажмиден Диана тамақтандырудың мониторинг жүргізді.
Сапа мониторинг комиссиясы