back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
“English time”
23-09-2022 18:05
“English time”

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, Қыркүйек айының 23- жұлдызында 5- сыныптар арасында “English time” жобасы болып өтті. Жоба күз мерекесіне орай “Autumn ” тақырыбында өткізілді.

Жобаның мақсаты:
оқушыларға ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау, оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын, топта жұмыс жасай білуге үйрету, есте сақтау,ойлау,оқу қабілеттерін дамыту.

Жоба барысында топтар үш кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады.

1️⃣Бірінші кезеңде қатысушыларға күз туралы шағын ақпараттық видео көрсетілді. Оқушылар видео бойынша сұрақтарға жауап берді және өз ойларын ортаға салды.

2️⃣Екінші кезеңде топтар «Wordball» бағдарламасы арқылы тақырыпқа сәйкес шашылған сөздерден дұрыс сөздерді құрастырды.

3️⃣Үшінші кезеңде топтар бойынша «Nerpod» бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап берді.
Жобаға 4 мұғалімнің тобы қатысты.

Жобаның қорытындысы бойынша,
1 орын “Winners” топтары, мұғалімдері А. Қ. Сәдуова
2 орын “Friends” тобы, мұғалімі. А.Н. Байдүйсен
3 орын “Smarties, Stars” топтары, мұғалімдері А. Тилейхан, Ж. Б. Балмағанбет

Қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Новости