
31 Наурызда 11 жалпы білім беретін мектебінде «Дөңгелек үстел:кәсіптер калейдоскопы» кәсіптік бағдар беру бағытындағы қалалық іс-шара өткізілді. Байқауда 9 сынып оқушыларының командасы Қарағанды облысының колледждері атынан үгітшілер ретінде өнер көрсетті.
Біздің мектеп Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжін ұсынды . Қатысушылар колледж тарихы, мамандықтары, артықшылықтары, ерекшеліктері және қабылдау мерзімі туралы әңгімеледі . Сөз соңында қатысушыларға пайдалы ақпараты бар буклеттер таратылды.
Барлық командалар білім бөлімінің белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.