2023 ж.010.28
Жыл сайын 28 қазанда Қазақстанда «Қамқоршылар күні» атап өтіледі. Қамқоршылар күні – ерекше мереке, бала тәрбиесінің ауыр жүгін мойнына алған, қасында түрлі себептермен ата-анасы жоқ адамдардың мерекесі. 2022 жылдың 28 қазанында қаланың әлеуметтік педагогтарының күшімен, қалалық білім бөлімінің қолдауымен қамқоршыларға арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында Ш.О.О.Қ.О ҚБ «Шахтинск қаласының No7 орта мектебі» КММ-нің екі қамқоршысы Шахтинск қалалық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.