Қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Шахтинск қаласындағы №7 ЖББМ тарих пәнінің ұстазы Сосновских Елена Николаевна оқушылармен «Угрозы обществу - экстремизм и терроризм» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріскер өз сөзінде терроризм мен экстремизм үшін құқықтық жауапкершілік мәселелерін ғана емес, сонымен қатар интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері мәселелерін де қозғады. Жоғары сынып оқушыларына толеранттылық, бейбітшілік, басқа адамдарды қабылдау және түсіну, олармен оң қарым-қатынас жасау қабілеті туралы ойын түрінде түсініктеме берілді.
«Қоғамға қатер – экстремизм және терроризм»