2025-2026 оқу жылының тамақтану сапасына бракераждық мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 26 ақпан күні мектептің тамақтандыру сапасына мониторингі жөніндегі бракераждық сараптамалақ топ мүшелері тамақтану сапасына тексеру жүргізді. Комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексерді, санитарлық талаптарға сай. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымын тексерді. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Асханада тазалық нормалары сақталған. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Бақылау асы қойылған. Оқушыларға тамақ кесте бойынша уақытында әзірленді.







