Жас мамандармен жұмыс
Гимназияда жас педагогтармен «Педагогикалық этика» тақырыбында маңызды кездесу өткізілді. Іс-шара барысында мұғалімнің кәсіби әдебі, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынас мәдениеті кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, жас мамандар 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараларға дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Патриоттық тәрбие беру, оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру — басты мақсаттардың бірі.
✨ Жас мамандар — білім мен тәрбиенің тірегі!

