Тағылымдаманың алғашқы күні біз үшін өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. ✨
Назарбаев Зияткерлік мектептері ұжымының ұйымдастыру деңгейі, білім беру жүйесіндегі жаңашыл тәсілдері мен тәжірибелері ерекше әсер қалдырды. Сабақтарды ұйымдастырудағы тиімді әдістер, оқушының зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар біз үшін үлкен тәжірибе болды.
Алдағы күндері осы тағылымдамадан алған біліміміз бен тәжірибемізді өз жұмысымызда тиімді қолданып, білім сапасын арттыруға үлес қосамыз деп сенеміз.