back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Әлихан Бөкейхан-Алаш көсемі, Ұлт қайраткері» тақырыбында «Әлихан мектептері Альянсы» жоспары бойынша облыстық ІІ Құрылтай
27-02-2026 17:20
«Әлихан Бөкейхан-Алаш көсемі, Ұлт қайраткері» тақырыбында «Әлихан мектептері Альянсы» жоспары бойынша облыстық ІІ Құрылтай

27. 02.2026. күні Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «Әлихан Бөкейхан-Алаш көсемі, Ұлт қайраткері» тақырыбында «Әлихан мектептері Альянсы» жоспары бойынша облыстық ІІ Құрылтай болып өтті. Бүгін Алланың ауасы Алаш зиялыларын құрсауына алған сол бір замандай, сезілуі 38-40* болса да, Әлихан ілімін ту етіп ұстаған, Әлихан туған өлкенің ұландары мен ұстаздары сонау Ақтоғайдан, Балқаштан, Қарағанды, Майқұдықтан ат сабылтып келгені үй иесі біздерді "келе ме, келмей ме" деген күдіктен арылтып, бір серпілтіп тастады. Себебі жоспарланған іс, жүйелі түрде жүргізіліп өткені қандай жақсы. Серіктес мектептер № 4,8,29 серіктес екенін көрсетіп, мұғалімдері басқа мектептермен «Alikhantalks» сайысына қатысып тәжірибесімен бөліссе, оқушылары өзара команда болып «ALIKHAN Quiz» , «Әлихантану-монополиялық зияткерлік ойын» сайысына қатысып білімдерін сынасты.
Құрылтайға қала мектептерінің директорларымен қатар, ҚарҰЗУ-нің «Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының» профессоры Нұрсахан Ахметовна Бейсенбекованың, зейнеткер ата-ана Мажманов Дүйсен Нілтайұлының ІІ Құрылтайға аязды күнге, үлкен жасына қарамай шауып келіп қатысып, өсер ұрпаққа бүгінгі біздер кешегі Алаштың кермек өмірі мен идеяларын ұмытуға болмайтынын сүбелі сөзбен төпеп айтты. Профессор Нұрсахан апайдың шебер оратор екенін мойындағандай отырған зал тып-тыныш тыңдап, тұщымды пікіріне тәнті болды. Болашақта «Алаш зиялылар Альянысы» деп ұлт ұлыларының атын алған мектептер ортақ ат алуын пікір етіп айтып, орындалуына бас көтерер азаматтар бар деп сенім білдірді. Келген қонақтар әр сайыстан жүлде алып, жүрекжарды тілегін айтып, ІІ Құрылтайды жоғары деп бағалап кетті. Іргеден көршілер келуге аяздан именсе де, алыстан ат өксітіп келген Алаш азаматтарына алғысымызды жаудырып қимай - қимай қоштасып, жол амандығын тілеп шығарып салдық. Барлық қатысушыларға жемісті еңбек тілейміз!

Калима Бопан
ІІ Құрылтай барысынан бейнешолу

Новости