back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген 23.02.2024 ж.
10-03-2024 17:05
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеміз Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген 23.02.2024 ж.

Оқу-ағарту министрлігінің нұсқауларына сәйкес барлық білім беру ұйымдар терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып екі топтарға бөлінеді:

1) бірінші топқа персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамға дейінгі білім беру объектілері жатады;

2) екінші топқа аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан, сондай-ақ персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700-ден астам адам орналасқан жеріне қарамастан білім беру объектілері жатады.

Бірінші топқа жататын білім беру ұйымдар міндетті түрде келесі құралдармен жабдықталуы керек:

  1. құлақтандыру жүйесі(ол бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау мен халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес болуы тиіс (ҚР Ішкі істер министрінің 26.12.2014 ж. № 945 бұйрығы));
  2. полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бейнебақылау бере отырып, бейнебақылау жүйесі(бейнебақылау жүйесі Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуі тиіс (ҚР ҰҚК Төрағасының 27.10.2020 ж. № 69-қе бұйрығы));
  3. аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығарумен дабыл түймесі.

Күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы түскен кезде ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді.

Новости