
2022 жылдың 15 қарашасында қалалық деңгейде № 2 ЖББМ-де облыстық “Бір отбасы- бір кітап” акциясы аясында “Оқырман отбасы” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты, отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқыту арқылы оқырман отбасын анықтау болды. Іс- шараға №2 ЖББМ-нен 4 отбасы қатысты. Олар: 1. Серікбаевтар отбасы 2. Байманасовтар отбасы 3. Сәндібектер отбасы 4. Аристовалар отбасы. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 жүлделі орынға Сәндібековтар және
Аристовалар отбасы иеленіп, облысқа жолдама алды,
3 орынды Байманасовтар отбасы иеленді,
Серікбаевтар отбасы байқауда белсенділік танытқандары үшін алғыс хатымен марапатталды.