back-image
КМҚК "Ақбота"бөбекжайы

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КМҚК "Ақбота"бөбекжайы

25-қазан- Республика күні

Дата: 2022-10-21 11:37:49
25-қазан- Республика күні
Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.
 
"Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында.
 
Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды.
 
"Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды", -деді мемлекет басшысы.
 
Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.
 
"Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Тоқаев.
 
Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс - тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қалатыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демократиясының ертеден бастау алатынын, ондағы мемлекетті құру, қалыптастыру, даму институттарының сол қоғамға, сол кезеңдерге сәйкес болғандығы туралы көп айтыла бермейді. Қазіргі уақыттағы шынайы демократия элементтерінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады.
Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.
Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағдайға тап боламыз. Бір жағынан, мейрам, бір жағынан, трагедия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңіліңіз жабырқайды. Сондықтан меніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ - сан көтерілісі күні ретінде аталып өтілетін болса.
Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен тарихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет - термен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада адам - дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанында біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән - әуездер қалықтаса деп тілеймін.....
 
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
 
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
 
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
 
25 қазан Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
 
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!
Новости