Протокол Генеральной Ассамблеи ООН от
13.12.2006 № б/н
Осы хаттамаға қатысушы мемлекеттер төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Хаттамаға қатысушы мемлекет ("қатысушы мемлекет") Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеттің ("Комитет") оның юрисдикциясында болып табылатын, осы қатысушы мемлекеттің немесе оның атынан Конвенция ережелерін бұзудың құрбаны болып табылатынын мәлімдеген адамдардың немесе адамдар тобының хабарламаларын қабылдау және қарау құзіретін таниды.
2. Егер де хабарлама осы Хаттаманың қатысушысы болып табылмайтын қатысушы мемлекетке қатысты болса, Комитет оны қабылдамайды.
Комитет мына жағдайларда хабарламаны қабылдауға қолайсыз деп санайды:
a) хабарлама анонимді болып табылса;
b) хабарлама мұндай хабарламалар беру құқығын өрескел пайдалану болып табылса немесе Конвенцияның ережелеріне үйлеспейтін болса;
c) Комитет дәл сол мәселені қараған болса, не болмаса халықаралық айқындау немесе реттеудің басқа процедурасы шеңберінде қаралған болса немесе қаралып жатса;
d) қолда бар ішкі қорғау құралдары түгел қолданылмаса. Қорғау құралдарын пайдалану себепсіз созылса немесе пәрменді нәтиже әкеле қоюы екіталай болса, бұл ереже қолданылмайды;
e) ол анық негізделмеген немесе жеткіліксіз дәйектелген болып табылса;
f) хабарламаның негізі болып табылатын фактілер осы Хаттаманың тиісті қатысушы мемлекеті үшін осы Хаттама күшіне енгенге дейін орын алған болса және бұл фактілер аталған күннен кейін де жалғаспаған болса.
Осы Хаттаманың 2-бабының ережелерін ескере отырып, Комитет
оған берілген кез келген хабарламаларды құпия түрде қатысушы мемлекеттің назарына жеткізеді. Алты айдың ішінде хабардар болған мемлекет Комитетке мәселені немесе осы мемлекеттің қолдануы мүмкін болған қорғаныс құралын (егер ондай болса) нақтылай отырып жазбаша түсініктеме немесе мәлімдемені ұсынады.
1. Хабарламаны алу мен мәнісі бойынша анықтама шығару аралығындағы кез келген сәтте Комитет тиісті қатысушы мемлекетке тез арада қарау үшін осы қатысушы мемлекеттің болады деп күтілетін заң бұзушылықтың құрбанына немесе құрбандарына болуы мүмкін орны толмас залал келтірудің алдын алу үшін қажет болуы мүмкін уақытша шаралар қабылдауы туралы өтініш жібере алады.
2. Комитет осы баптың 1-тармағына сәйкес өзінің дискрециялық құқығын іске асырған кезде, бұл оның хабарламаның мәнісі бойынша оларға қолайлылығына қатысты шешім қабылдады дегенді білдірмейді.
Осы Хаттамаға сәйкес хабарламаларды қарау кезінде Комитет жабық отырыс өткізеді. Хабарламаны зерделеп болған соң Комитет тиісті қатысушы мемлекет пен мәлімдеушіге өз ұсыныстары мен ұсынымдарын (егер де ондайлар бар болса) жібереді.
1. Егер Комитет қатысушы мемлекеттің Конвенцияда бекітілген құқықтарды елеулі немесе жүйелі түрде бұзғанын көрсететін ақиқат ақпарат алса, онда ол сол қатысушы мемлекетке осы ақпаратты зерттеуде ынтымақтасуды және осы мақсатпен тиісті ақпарат бойынша ескертулер беруді ұсынады.
2. Қатысушы мемлекеттер беруі мүмкін кез келген ескертулерді, сондай-ақ онда бар кез келген басқа ақиқат ақпаратты ескере отырып Комитет өзінің бір немесе бірнеше мүшелеріне тексеру жүргізуді және Комитетке шұғыл баяндама ұсынуды тапсыра алады. Қажет жағдайда және қатысушы мемлекеттің келісімімен тексеру оның аумағына кіруді қамтуы мүмкін. Бұл өзін өзі ақтаған жағдайда, және қатысушы мемлекеттік келісімімен зерттеп тексеру
оның аумағында болуды қамти алады.
3. Мұндай тексерудің нәтижелерін зерделеп болған соң, Комитет бұл нәтижелерді кез келген түсініктемелерімен және ұсынымдарымен қосып қатысушы мемлекетке жолдайды.
4. Комитет жіберген нәтижелерді, түсініктемелер мен ұсынымдарды алғаннан кейінгі алты айдың ішінде қатысушы мемлекет оған өз ескертулерін ұсынады.
5. Мұндай зерттеп тексеру құпия түрде жүргізіледі, және де процестің барлық кезеңдерінде қатысушы мемлекетке ынтымақтастық туралы өтініш жасауы қарастырылады.
1. Комитет тиісті қатысушы мемлекетке Конвенцияның 35-бабында көзделген кез келген шаралар туралы мәліметті осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес жүргізілген тергеуге ден қою тәртібімен өз баяндамасына енгізуді ұсына алады.
2. Қажет болған жағдайда Комитет 6-баптың 4-тармағында айтылған алты айлық мерзім аяқталған соң тиісті қатысушы мемлекетке мұндай тексеруге үн қату тәртібімен қабылданған шаралар туралы ақпарат беруін ұсына алады.
Әрбір қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қол қою, ратификациялау немесе оған қосылу сәтінде 6 және 7-баптарда көзделген Комитеттің құзырын мойындамайтынын мәлімдей алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады.
Осы Хаттама Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мен өңірлік интеграциялар ұйымдарының қол қоюы үшін Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде 2007 жылғы 30 наурыздан бастап ашық.
Осы Хаттаманы оған қол қойған, Конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған мемлекеттер ратификациялауға тиіс. Оған қол қойған, Конвенцияны ресми растаған немесе оған қосылған өңірлік интеграция ұйымдары оны ресми растауға тиіс. Ол Конвенцияны ратификациялаған, оны ресми растаған немесе оған қосылған және осы Хаттамаға қол қоймаған кез келген мемлекеттің немесе өңірлік интеграция ұйымының қосылуы үшін ашық.
1. "Өңірлік интеграция ұйымы" белгілі бір өңірдің егемен елдері құрған, оған мүше мемлекеттер Конвенциямен және осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты құзырлар берген ұйымды білдіреді. Мұндай ұйымдар ресми растау немесе қосылу туралы өз құжаттарында Конвенциямен және осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің көлемін көрсетеді. Соңынан олар депозитарийді өздерінің құзыретінің көлеміндегі кез келген елеулі өзгерістер туралы хабардар етеді.
2. Осы Конвенциядағы "қатысушы мемлекеттерге" сілтемелер мұндай ұйымдарға олардың құзыреті шегінде қатысты болады.
3. Осы Хаттаманың 13-бабының 1-тармағы мен 15-бабының2-тармағыныңмақсаттары үшін өңірлік интеграция ұйымы сақтауға берген бірде-бір құжат есептелмейді.
4. Өңірлік интеграция ұйымдары олардың құзырына жататын мәселелерде Қатысушы мемлекеттер конференциясындағы өздерінің олардың осы Хаттамаға қатысушы болып табылатын мүше мемлекеттерінің санына тең дауыс санымен дауыс беру құқығын пайдалана алады. Егер де мүше мемлекеттерінің бірі өз құқығын іске асырса, онда мұндай ұйым өзінің дауыс беру құқығын іске асырмайды және керісінше болуы мүмкін.
1. Конвенция күшіне енген жағдайда осы Хаттама оныншы ратификациялық грамотаны немесе қосылу туралы құжатты сақтауға бергеннен кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
2. Мұндай оныншы құжатты сақтауға бергеннен кейін осы Хаттаманы ратификациялаушы, оны ресми растаушы немесе оған қосылушы әрбір мемлекет немесе өңірлік интеграция ұйымы үшін Хаттама олардың өздерінің осындай құжатын сақтауға бергеннен кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
1. Осы Хаттаманың объектісі мен мақсатына сай келмейтін ескертпелерге жол берілмейді.
2. Ескертпелер кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін.
1. Кез келген қатысушы мемлекет осы Хаттамаға түзетулер ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына бере алады. Бас хатшы ұсынылған кез келген түзетулерді қатысушы мемлекеттерге олардың осы ұсыныстарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыруды қалайтын-қаламайтындығы туралы хабардар етуін сұрай отырып хабарлайды. Мұндай хабарлаудан кейінгі төрт айдың ішінде қатысушы мемлекеттердің кемінде үштен бірі мұндай конференцияны өткізуді жақтаған жағдайда Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында кеңес шақырады. Келгендер мен дауыс беруге қатысқан қатысушы мемлекеттердің үштен екісіндей көпшілігімен мақұлданған кез келген түзетуді Бас хатшы бекіту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына, сосын қабылдау үшін барлық қатысушы мемлекеттерге жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мақұлданған және бекітілген түзету сақтауға берілген қабылдау туралы құжаттар саны осы түзетуді мақұлдау күніндегі қатысушы мемлекеттер санының үштен екісіне жеткен кезден кейінгі
отызыншы күні күшіне енеді. Соңынан түзету кез келген қатысушы мемлекет үшін оның қабылдау туралы құжатын сақтауға тапсырғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. Түзету оны қабылдаған қатысушы мемлекеттер үшін ғана міндетті болып табылады.
Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша хабардар ету арқылы осы Хаттаманың күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының мұндай хабарламаны алған күнінен кейін бір жылдан соң күшіне енеді.
Осы
Хаттама мәтінінің қол жетімді
форматтарда болуы
қамтамасыз етілуге
тиіс.
Осы
Хаттаманың мәтіні ағылшын,
араб, испан,
қытай, орыс
және француз
тілдерінде тең
біркелкі болып
табылады.
ОСЫНЫ
КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН
төменде қол
қойған уәкілетті
өкілдер, тиісті
үкіметтері берген
уәкілеттіктерімен тиісті
тәртіппен осы
Хаттамаға қол
қойды.