Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Ұяша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекен-жайы: 101404, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 6 ықшамаудан, 27А құрылысы
Эл.адрес: uyasha_mkr6@mail.ru
Байланыс телефондары: 8(7213) 41-00-11 – қабылдау бөлімі; 44-75-27 - есеп бөлімі;
Құрылтайшы: Қарағанды облысының әкімдігі.
Уәкілетті орган: «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ.
Ұйымның құрылған жылы: 1972 жыл
Түрі: мектепке дейінгі білім беру ұйымы.
Түрі: жалпы білім беретін үлгідегі бөбекжай.
Негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Ұйымның директоры: Жуматова Салтанат Еламановна
Білімі: жоғары педагогикалық
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2004ж.
Қарағанды «Болашақ» университеті ЖМ, 2015ж.
Педагогикалық еңбек өтілі: 27 жыл, осы лауазымда – 12 жыл.
тел. 8(7213) 41-00-11
Әдіскер: Лапуть Ирина Владимировна
Білімі: жоғары педагогикалық
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Педагогикалық еңбек өтілі: 19 жыл, әдіскер лауазымында – 4 жыл.
Жобалық қуаты: 265 бала
Оқыту тілі: аралас (қазақ, орыс)
Жас топтарының саны 11, оның ішінде:
Қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін 5 топ
Орыс тілінде оқытатын және тәрбиелейтін 6 топ
Тамақтану құны: айына 15000 теңге (бөбекжай жасы), айына 16000 (мектепке дейінгі жас) теңге, күніне үш рет
Жұмыс тәртібі туралы мәліметтер:
балалар күндізгі уақытта болатын бөбекжай – 10,5 сағат, болу уақыты 7.30-дан 18.00-ге дейін
бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді
ауысымдар саны – 2
Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру және балалардың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру үшін келесі жағдайлар жасалған:
-музыкалық зал;
-дене шынықтыру залы;
-медициналық кабинет;
-1 орынға арналған изолятр;
-психолог кабинеті;
-әдістемелік кабинет;
-топтық бөлмелер: санитарлық - гигиеналық және педагогикалық талаптарға, сондай-ақ балалардың жас көрсеткіштеріне сәйкес келетін заманауи балалар жиһазымен; дамытушы ойын және дидактикалық материалмен жабдықталған.
«Ұяша» бөбекжайы» педагогтері кәсіби қызметінде мынадай инновациялық технологияларды белсенді пайдаланады: дамыта оқыту технологиясы, сыни оқыту технологиясы, Өнертапқыштық есептерді шешу теориясы (ӨЕШТ) , ерте даму әдістемелері, ойын технологиялары және т. б. Инновациялық қызмет инклюзивті білім беруді, робототехниканы іске асыру, ҚО БД ОӘО «Әжімнің ертегісі», «Алғашқы ұстаз-ата-ана» атты облыстық жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
- Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- Тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
- Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат.