«Аналар мектебі» мектеп жұмысы аясында тәрбиеші
Н. К. Шакенованың жетекшілігімен ата-аналарға арналған «Достығымыздың бес құпиясы» атты қызықты мастер-класс өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді, өзара түсіністік пен достықты қалыптастыруға бағытталды. Жылы әрі достық атмосферада өткен кездесуде ата-аналар бір-бірін шынайы тыңдау мен түсінудің, сондай-ақ қамқорлық, қолдау және сүйіспеншілік танытудың маңыздылығы туралы ой толғады.
❤️ Өйткені, берік отбасының құпиясы өте қарапайым: ол – сүйіспеншілік, сенім, құрмет, қолдау және бірге өткізген уақыт!





