Бөбекжайымыздағы Жас ата-аналар мектебі бағдарламасы аясында біз «2 жасар бала не білуі керек?» тақырыбында танымдық семинар-практикум өтті.
Іс-шара кішкентай балалардың даму кезеңдеріне арналды. Кездесу барысында ата-аналар жас ерекшеліктеріне тән негізгі сипаттамалармен және екі жасқа қарай қалыптасатын дағдылар мен қабілеттермен танысты. Сондай-ақ, олар баланың сөйлеу қабілетін, ойлауын, дербестігін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға қатысты практикалық кеңестер алды. Алған білімдерін бекіту мақсатында ата-аналарға «Бір және екі жасар балалардың дамуындағы негізгі дағдылар» атты ақпараттық парақша таратылды. Бұл материал балаларды тәрбиелеуде және олардың дамуын қолдауда пайдалы құрал бола алады.
Семинар-практикум өткізгендер:
- Әдіскер А.У. Насибуллина
- Инновация бойынша әдіскері А.С. Савина







