Төтенше жағдайға дайындық
Бүгін бөбекжайымызда өрт кезінде эвакуациялау жаттығуы өтті. Дабыл сигналынан кейін тәрбиелінушілер мен қызметкерлер ғимараттан қауіпсіз шығу жолдары арқылы, дүрлікпестен және ұйымшылдықпен сыртқа шықты. Қызметкерлер төтенше жағдай кезіндегі қажетті іс-әрекеттерді пысықтады.
Мұндай жаттығулар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі қауіпсіз әрекет ету дағдыларын бекітуге көмектеседі. Балалардың қауіпсіздігі – біз үшін басты басымдық!









