Бүгін мемлекеттік қызметшілерге, педагогтерге, академиялық құрам өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті. Семинар «Білім берудің барлық деңгейінде — мектепке дейінгі және орта білімнен бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімге дейін, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында, оларды аттестаттау және біліктілік санаттарын беру (немесе растау) процестерінде — академиялық адалдық қағидаттарын енгізу және іске асыру» тақырыбына арналды.

