back-image
КГУ "ОШ (РЦ) им. Ш.Батталовой"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "ОШ (РЦ) им. Ш.Батталовой"
«Ақберен республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауының аудандық кезеңі
10-10-2023 16:06
«Ақберен республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауының аудандық кезеңі

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш.Батталова атындағы ТМ (РО) 10 қазан күні «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудын басты мақсаты - жас ұрпақтың бойына Отаншылдық рухын сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру.
Республикалық байқау 6 номинация бойынша өтті: шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы. Мектебіміздің атынан олимпиадаға 5 номинация бойынша 5 оқушы қатысты. Олар: 8 сынып оқушылары Касымова Азиза мен Төлеутай Сезім және 11 А сынып оқушылары Амангелді Нұрислам, Аманқұл Айханым, Құрман Еркеханым. Оқушылар олимпиада тапсырмаларын орындап, әділ-қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп отырды. @umckrg @obb_qaragandy @shet.bilim

Новости