back-image
КГУ "ОШ (РЦ) им. Ш.Батталовой"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "ОШ (РЦ) им. Ш.Батталовой"
Ш.Батталова атындағы аудандық олимпиада
14-06-2022 17:33

Қарағанды облысы Білім басқармасы Шет ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 14 мамырында  Ақжал кенті Ш.Батталова атындағы тірек мектебінде Қазақстан ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ш.Батталова атындағы химия пәнінен Vаудандық олимпиадасы 8-10 сыныптар аралығында өткізілді. Аудандық химия олимпиадасына 29 мектептен барлығы 52 оқушы қатысып өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде 8-сыныптар арасында жүлделі орындарға ие болғандар: І орын С.Мұхамеджанов атындағы ЖББМ-нің оқушысы Сайлаубай Айсәуле, ІІ орын Еркіндік ЖББМ-нің оқушысы Женисова Дильнара мен Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Қойшыбай Ұлпан, ІІІ орын Ш.Батталова атындағы тірек мектебінің оқушысы Сырым Жәнібек, М.Мәметова атындағы ЖББМ-нің оқушысы Қасымова Айзада және Батық ЖББМ-нің оқушысы Бейсенбай Айкүміс.

9-сыныптар арасында: І орын  Ю.Гагарин атындағы МЛ-нің оқушысы Белгітай Айгерім, ІІ орын Ж.Ақылбаев атындағы МГ-ның оқушысы Аскарова Аяжан және Ақжал НМ-нің оқушысы Құрман Еркеханым, ІІІ орын Талды ЖББМ-нің оқушысы Маденова Дильназ, Ж.Ақылбаев атындағы МГ-ның оқушысы Шәкенов Серікбол, Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ-нің оқушысы Ақпейілова Нұрсұлу, Босаға ЖББМ-нің оқушысы Аманғалиева Аяна.

10-сыныптар арасында І орын Ақой ЖББМ-нің оқушысы Хуатхан Нұрасыл, ІІ орын Ж.Ақылбаев атындағы МГ-ның оқушысы Амандық Жұлдыз, Талды ЖББМ-нің оқушысы Байлен Айгерім, ІІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы тіек мектебі жанындағы интернат оқушысы Мұратова Ақжүніс, Мойынты ЖББМ-нің оқушысы Рамазан Бибігүл, Ю.Гагарин атындағы МЛ-нің оқушысы Жәнібекқызы Айдана . Барлық қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Новости