
«С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ» КММ кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 10,11- сынып оқушылары ауылымыздағы мемлекеттік бағдарлама бойынша TOO ‘NURASYL и K’ компаниясының салып жатқан ФАП құрылыс алаңына барып,құрылыс басшысы Сағымбеков Қайрат мырзамен сұхбаттасып ,құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Компания басшысы Қайрат мырзаның айтуынша: ‘’Қазіргі уақытта елімізде жүріп жатқан құрылысқа алыс шетелден еңбек күші тартылуда.Сылақшы, қалаушы, дәнекерлеуші т.б мамандықтар ауадай қажет. Сондықтан қол жетімді және қарапайым мамандық иелерін таңдасаңыздар жақсы болар еді” деген ұсынысын айта отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерін берді.
Жауапты: Kәсіптік бағдар беруші: Кантеев Б.К.