"Балдәурен" жазғы лагерінің 4-ші күні.

Шет ауданы, білім бөліміне қарасты С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ "Балдәурен" жазғы лагерінің 4-ші күні.
Жоспарға сәйкес "Достық күні" аталып өтті. Командалар "Кім артық" ойынын ойнады. Артынан 1-команда "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында суреттер салды. 2-команда жұмбақтар жасырса, 3-команда флешмоб көрсетіп би кешімен жалғасты.
Шараны ұйымдастыру мақсаты: Оқушылар арасында ынтымақтастық пен ауызбіршілікті қалыптастыру.