Дарья жалпы білім беру мектебінде тәрбие жұмысы бойынша
атқарылған іс-шаралар жайлы мәлімет
Мектебімізде 1 қыркүйек Білім күніне арналған«Кел, балалар, оқылық!»тақырыбында салтанатты жиын 1- сынып оқушыларымен өткізілді. 2-11 сыныптарда 1-қыркүйек Білім күніне арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндерімізге мектеп директорының м.а. Р.Т.Жакупова , тәрбие ісінің меңгерушісі Ф.Даткина өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
2021 жылдың 6 қыркүйектен бастап 17 қыркүйеке дейін«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты 10 күндік іс шарасы өтті.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды және «Тіл атасы ұлт жанашыры-Ахмет Байтұрсынұлы» 1-11 сынып арасында сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді.
7 қыркүйек күні «Тіл – ұлттың жаны» 1-6 сыныптар арасында суреттер көрмесі мен «Қазақ тілі - менің ана тілім» атты кітапханаға саяхатты кітапханашы Абдрахманова Б.С. ұйымдастырып өткізді.
8 қыркүйек күні 5,6,7,8,11 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Меерманова К.Р. «Судьба языка – судьба народа» дөңгелек үстел өткізді.
9 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері 2-4 қазақ сыныптар арасында «Абай-дана, Абай-дара қазақта» әдеби кеш өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі Кожабек А.Г. 7 (А,Б) сыныптар «Easy English» интеллектуалды ойын өтті.
10 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Жумакелды А. 5 сыныпта «Жеті жұрттың тілін біл» ашық сабақ пен Ясик А 8 (А,Б) сыныптарында "Тілім –тірлігімнің айғағы"атты дөңгелек үстел өткізді.
13 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Сулейменова С.Х 5-6 сыныптар «Знатоки языков» интеллектуалды ойын
14 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі Даткина Ф.К. 9-11 сыныптар «Let’s learn English» интеллектуалды ойын өткізді.
15 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Алимбекова Т.С. 6-7 сыныптар аралығында «Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойын өткізді.
16қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 (Б) сыныптар «Пословицы и поговорки о языке и речи» интеллектуалды ойынды өткізді.
17 қыркүйек соңғы күні Тіл мамандары салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, алғыс хаттармен марапаталды.
05.08 - 16.09.2021 күндері аралығында «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын – алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің 05.08.2021 жылы хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында іс-шаралар өтті.
Зорлық-зомбылық туралы дабыл сигналдарын анықтау мақсатында 1-4 сынып оқушыларына "Менің көңілді жазғы демалысым қалай өтті" тақырыбында сауалнама алып, тренинг өткізді.
Мектеп психологі Кадиркулова К.Н. «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларымен буклет жасады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жоспар құрылды. «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен 13 қыркүйекте сынып сағаттары өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер, әкімшілік/қылмыстық жауапкершілік жеке құрамға қатаң ескертілді.
Полиция органдарына зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандарына психологиялық, медициналық және оңалту көмегін көрсетілетіні туралы айтылды. "Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны Игенбеков Б.З. 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар туралы полиция басшылығы мен органдарына хабарламау фактілеріне жол бермеу бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Құттыбеков А.С. 9-11 сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізді.
13 қыркүйекте өткізілген Мектеп Президентін сайлау өткізілді. Мектеп Президентіне 9 А сыныбынан 5 оқушы қатысты.. Олар: Асылбеков Жарас, Абсагит Ерулан, Болатбай Динара, Калаганова Аяулым, Мадинетова Сая. Үміткерлер мектеп оқушаларына өздерінің бағдарламаларымен таныстырып өтті. Олар мектеп деңгейін барлық қырынан дамыту үшін нақты мақсаттар қойып, оған жету жолдарын ұсынды.Сайлауда 5-11 сынып аралығында 48 оқушы дауыс берді. Мектеп Президенті сайлауының нәтижесі төмендегідей: Асылбеков Жарас - 9 дауыс, Абсагит Ерулан – 11 дауыс, Болатбай Динара – 9 дауыс, Калаганова Аяулым – 10 дауыс, Мадинетова Сая – 9 дауыс жинады. Есеп бойынша 11 дауыс жинаған Абсагит Ерулан Мектеп Президенті атанды. Алдағы уақытта Мектеп Парламенті оқу-тәрбие ісі аясында жүйелі жұмыс атқарып, елеулі мақсатттарға жетуіне сенім білдіреміз.
Халықаралық қарттар күніне орай «Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» тақырыбы бойынша 27.09.2021 күні 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.
30.09.2021 күні еңбек пәнінің мұғалімі Қолдасбаев Б.А «Қарттарым – асыл қазынам» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрме бастауыш сыныптар арасында өтті.
01.10.2021 күні «Қариясы бар ел- қазынасы бар ел» мектеп оқушыларының құттықтау тілектері ретінде видео түсірілді. «Халық тәрбиесі асыл қазына» қамқорлық акциясы бойынша ауылдың жалғызбасты қарт кісіге үй шаруасы бойынша көмек көрсетілді. Іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Халықаралық ұстаздар күніне орай қазанның 2-сі күні мектепте «Ұстаз – адамның асылдығы» іс-шара ұйымдастырылды. Жоспар бойынша 5-11 сынып арасында «Ұстаз мектептің жүрегі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушылардың мерекемен құттықтауы ретінде өлең жолдары оқылып, видео түсірілді.
04.10 - 11.10.2021 күндері аралығында «Халықаралық қыздар күніне» орай іс-шаралар өтті. Мектеп медбикесі Жаманова Л. М «Жеке бас гигиенасы, өзін өзі күту» тақырыбында 5-11 сынып қыз балаларына баяндама оқыды. Тәлімгер Қожабек А. Ғ 5-11 сынып қыз балалары арасында «Сырлы саусақ» атты қолөнер көрмесін өткізді. Қыз балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстырып, көрмеге қойды. Әлеуметтік педагог Кузембаева Г. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 5 – 11 сынып қыздарына баяндама оқыды. Мектеп психологы Кадиркулова К. Н және тәлімгер Қожабек А. Ғ «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында 5 – 11 сынып қыз балаларымен сурет көрмесін өткізді. Мектеп психологы Кадиркулова К. Н «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» атты 5 – 11 сынып қыздарымен тренинг өткізді. ДТІЖО Даткина Ф.К, мектеп психологы Кадиркулова К. Н және тәлімгер Қожабек А. Ғ «Қыз қандай болу керек?» тақырыбында баяндама оқыды.
2021 жыл - тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті. Әлиханның 155 жылдығы ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятып, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттің жолында қиян-кескі күреске толы.Осыған орай 7-10 сыныптар аралығында «Әлихан Бөкейхан – ұлт көсемі» атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа насихаттау.
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Алимбекова Т 7-сынып оқушыларымен «Ұлттың ұлы ұстазы » атты тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатында Алтынсариннің және Ильминскийдің хаттары- Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министрі Д.А Толстойға, Алтынсариннің 1889 жылы В.В Катаринскийге жазған хатты зерттеліп,христиан миссионерлерінің шынайы пиғылын ашатын үзінділер келтірілді. Тәрбие сағатында сонымен бірге Ы.Алтынсариннің 1884 жылы шыққан «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінің жарық көру тарихы,Троицк қаласында медресе ашылғанда Алтынсариннің оның салынуына өз қалтасынан қаржылай көмек бергені баяндалды. Мұның бәрі ұлы ұстаздың тек қазақтың емес,барша түркі халықтарының орасан зор қайраткері екенін көрсетті. Сабақ сонында оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, пікірлерін ортаға салды.
«Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығымен тұспа-тұс келген "Алтын күз" мерекесі өткізілді. "Көкеністер мен жемістерден" жасалған икебана көрмесі өткізілді.
5-11 сынып оқушыларының аралығында "Қыз аруы" өтті. Аруларымыз бірнеше өнерлерін көрсетті.
Жамбыл Жабаевтың -175 жылдығына орай 8 сынып оқушыларымен «Жамбыл Жабаев-жүз жасаған бәйтерек» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзге жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.
«Қырандар» дебат клубы жоспар бойынша қыркүйек айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» атты екі топ арасында қазақ тілі пән мұғалімдері Алимбекова Т.С, Ясик А және тарих пәнінің мұғалімі Аманжол Заманбек өткізді. 01.10.2021ж «Әлеуметтік желіде отырып жастар не ұтады?» тақырыбында пікір – сайыс «Бірлік» пен «Ынтымақ» топтар арасында өтті.08.10.2021 ж «Қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғау» атты дебат өткізілді. 15.10.2021ж «Онлайн сабақтың пайдасы мен зияны» атты пікір-сайыс ұйымдастырылып өтті.
"18 қазан-Рухани келісім" күніне орай 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру.
Мектебімізде әскери патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында 11 Б сынып оқушыларымен "Легенда Армии"тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізілді.Мақсаты: жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы қарсаңында 5-11 сынып оқушылары аралығында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: білімділік - алтынның көзі, асылдың сынығы, қайсар ақын, тума талант, иесі Қ.Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен оқушыларды кеңірек
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай 1-5 сынып оқушыларының аралығында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай 6 сынып оқушылары аралығында қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі Жумакелди А. өткізді. Оқушылар ақынның өмірімен танысып шығармашылығымен танысты. Қасым Аманжолов тек лирик емес, сонымен қатар ірі эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның нәзік лирикасын танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары танысты және ақынның шығармашылығынан бір шығармадан оқып өздерінің алған әсерімен бөлісті.
15 қараша- Ұлттық валюта күніне орай сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
20.10 – 20.11.21 ж күндері аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалардың құқықтары білу және оны қорғау мақсатында «Бала құқығы - адам құқығы» атты тақырыпта 1-11 сынып оқушыларыме сынып сағаттары өткізілді.
ДТІЖО Даткина Ф.К, тәлімгер Қожабек А.Ғ ұйымдастыруымен 1-11сынып оқушылары арасында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты суреттер көрмесі өтті.
Тәлімгер Қожабек А.Ғ 5-11 сынып оқушылары арасында «Балалық шақты бірге қорғайық» атты челлендж ұйымдастырылды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" Республикалық айлық жоспар бойынша бойынша қазан – қараша айларында «Түнгі рейд» өткізіліп отырды.
Полиция органдарына зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандарына психологиялық, медициналық және оңалту көмегін көрсетілетіні туралы айтылды. «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау» мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны Игенбеков Б.З. 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізіп, баяндама оқыды.
Құқық негіздері пәнінің мұғалімдері Сыздыкбекова Г.А, Аманжол З. 9-11 сынып оқушылары арасында «Құқық сабақтары – өмір сабақтары» атты сайыс сабағын өткізді.
Мектеп психологі Кадиркулова К.Н. зорлық-зомбылық туралы білімдерін анықтау мақсатында 5-11 сынып оқушыларына "Мен зорлық – зомбылыққа қарсымын" тақырыбында сауалнама алып, тренинг өткізді.
Әлеуметтік педагог Кузембаева Г.Е «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында баяндама оқып, пікір алмасты.
23 қараша күні Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.Мақсаты: оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу.
25 қараша күні Қарағанды облысы бойынша "Жас Отан' жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен "Адалдық сағаты" ұйымдастырылды.
"Адал ұрпақ" жобасы аясында "Адалдық -адамдықтың белгісі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
29 қараша- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы еңселеткен Елорда" тақырыбында сынып сағаттары, кітап көрмесі өткізілді.
30 қараша "Адал ұрпақ" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
"Адал ұрпақ" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.
6 желтоқсан- 8 а сынып жетекшісі Нүркеева Б «Семей полигоны – халықтың азабы» атты тәрбие сағатын өткізді.30 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамыз күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Семей полигоны жабылған болатын. Қазіргі таңда, бірінші сынақтан бастап, осы күнге дейін уақыт аралығын қарайтын болсақ, талай адамның тағдырын өзгерткен бұл полигонның өткені мен болашағының айырмашылығын көреміз.
Мектеп кітапханашысы Абдрахманова Б.С. «Қазақ халқының ағартушылары», «Семей ядролық полигоны», «Мен өз елімнің тәуелсіздігіне арнаймын!» тақырыптарында кітап көрмесін ұйымдастырды.
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында отбасын қорғау жөнінде мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық зомбылықты болдырмауға және қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мақсатында ауқымды акция «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» атты апталық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. ДТІЖО Даткина Ф.К 1-4 сыныптары оқушылары арасында «Менің отбасым» сурет байқауы өтті. Оқушылар өздерінің отбасылары туралы суреттер салды.
Мектеп психологы Кадиркулова К.Н «Зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізілді. Оқушылардың зорлық – зомбылыққа қатысты ойларын білді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны Игенбеков Б.З, Участкелік полиция инспекторы Құттыбеков А.С «Зорлық зомбылықты алдын – алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, әңгіме жүргізілді.
5-8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында оқушылар эссе жазды. Оқушылар өз отбасы жайлы, отбасы туралы ойларын қағаз бетіне түсірді.
Мектеп медбикесі Жаманова Л.М. «ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында 5-11 сынып қыздар арасында жиналыс ұйымдастырды. Жиналыста қыз балаларға ЖИТС туралы көптеген мәліметтер беріліп, оқушылар өз ойларын жеткізді.
Мектеп тәлімгері Қожабек А.Ғ. «Әкеге қарап – ұл өсер» тақырыбында 5-11 сынып ұлдар арасында жиналыс ұйымдастырды. Жиналыста ұл балаларға отбасындағы әкенің рөлін, ұл бала тәрбиесі жайлы ақпараттар берді.
4 мен 8 желтоқсан аралығында «Вейп – денсаулыққа өте қауіпті» атты апталық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалардың денсаулығын білу және қорғау мақсатында «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» атты 1-11 сынып оқушыларымен 06 желтоқсанда тәрбие сағаты өткізілді.
ДТІЖО Даткина Ф.К, әлеуметтік педагог Кузембаева Г.Е, мектеп психологы Кадиркулова К.Н ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында «Біз вейпке қарсымыз» атты суреттер көрмесі өтті. Оқушылар вейпке қарсы екендігін суреттер арқылы жеткізді.
ДТІЖО Даткина Ф.К 6-7 сынып оқушыларымен «Нашақорлықтың алдын алу» танымдық сабағын өткізді. Танымдық сабақ барысында оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына өте қауіпті екенін айтып өтті.
Мектеп психологы Кадиркулова К.Н «Вейп – бала денсаулығына зияны» тақырыбында ата аналармен, мектеп ұжымымен ақпараттық-түсіндірме жұмыс өткізді. Жиналыс барысында ата-аналар, мұғалімдер электронды темекі жайлы көптеген ақпарат алып, оқушылар арасында вейптің қолданылмауына қандай әрекеттер жасау керектігіміз жайлы өз ойларымен бөлісті.
1
Әлеуметтік педагог Кузембаева Г.Е «Вейптің адам денсаулығына қауіпі» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына баяндама оқыды. Баяндама барысында оқушыларға вейптің адам, бала денсаулығына зияны туралы көптеген мәлімет берді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай " Тұғыры биік Тәуелсіздік" тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.
15 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл және "ЖасҰлан" ұйымының 10 жыл мерейтойы аясыңда ЖасҰлан республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып мерекелік концерт өткізілді.
"Түнгі қаладағы балалар' жалпы көлемдегі рейд өткізілді. Мақсаты: балалардың құқықтарының бұзылу, бала еңбегін қанау деректерін анықтау, қараусыздықтың, қадағалаусыздықтың алдын алу.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылына орай 9-11сынып оқушылар арасында Әскери патриоттық жарыс өткізілді.Мақсаты: болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтарға Өз отанын сүйюге қастеррлеуге егемдігіміздің туын көтеру отанға адал қызмет ету.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаз командалар грамотамен марапатталды.
Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Ашық турнирға арналып өткізілген "Томирис" спорт кешенінің ашық біріншілігінде 2011-2012 ж 28 салмақ бойынша Елеусіз А III орын, 50 салмақ дәрежесі Үсен.А III орын, 2009-2010ж 28 салмақ Ясик.Н III орын, 30 салмақ Хамзе. С III орын, 35 салмақ Аманбек.А III орын, 46 салмақ Мұрат.Ш III орын, 55 салмақ дәрежесі Баян.А III орындарға ие болып мадақтама, медальмен марапатталды.
1 наурыз"Алғыс айту" күніне орай іс шаралар жоспарға сай өткізілді. Бұл шараның мақсаты оқушылардың үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. 1-11 сынып оқушылары аралығында "Алғыс айту-парызым!" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.