Халық банк АҚ Ақадыр 25-орталық дербес бөлімшесінің меңгерушісі Хамзина Перизат Бекижанқызымен кездесу
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде "Қаржы әлемі" қаржылық сауаттылық апталығы аясында 11-сынып оқушылары Халық банк АҚ Ақадыр 25-орталық дербес бөлімшесінің меңгерушісі Хамзина Перизат Бекижанқызымен кездесті. П.Б.Хамзина банктік қызметінің негізгі түрлері мен функцияларын таныстырып өтті. Сонымен қатар, қалай табысты банкир болудың қыр-сырымен бөлісті. Мақсаты: оқушылардың мамандыққа деген кәсіби қызығушылығын арттыру және банктік қызметпен таныстыру.