“Мамандық марафоны” сынып сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында оқушыларды әр түрлі мамандыққа деген қызығушылықтарын және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында 9 “Д” сыныбында “Мамандық марафоны” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, олардың маңыздылығын түсіндіру, жеке тұлғаның қоғамдағы рөлін сезіндіру және болашақта өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау. Сонымен қатар, балаларға мамандық таңдаудың өмірлік маңызы, еңбек ету мен кәсіби дамудың қажеттілігі туралы ақпарат беру.